• Басты бет
  • /
  • 1 сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау мерзімі
1 сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау мерзімі

БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Білім министрлігі ата-аналар мен жұртшылықтың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізді.

🧑 🏫 Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында өтеді.

🔁 Тек демалыс кезінде мектептен мектепке ауысуға шектеу алынып тасталды. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар.

📆 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі 25 тамызда аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі 15 тамыздан 31 тамызға өзгертілді. Колледжге қабылданбаған білім алушылардың мектептің 10-11 сыныптарында оқуын кедергісіз жалғастыруға мүмкіндігі бар.